Оқиға • Бүгін, 16:10

Оқу-ағарту министрі: Балалар саяси текетірестің құрбаны болмауы тиіс

20 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Иран жерінде болған жантүршігерлік оқиға – 160 мектеп оқушысының өмірін қиған қасіретті хабар қазақстандық қоғамды да бейжай қалдырмады. Оқу-ағарту министрі Жұлдыз Сүлейменова бұл суыт жаңалықты терең күйзеліспен қабылдап, халықаралық қауымдастықты балалар қауіпсіздігіне басымдық беруге шақырды, деп жазады Egemen.kz.

Оқу-ағарту министрі: Балалар саяси текетірестің құрбаны болмауы тиіс

Фото: Ашық дереккөз

Министр өзінің мәлімдемесінде бейбіт күнде білім алып, болашаққа нық қадам басуы тиіс өрімдей қыздардың ажалы – бүкіл адамзат үшін орны толмас қасірет екенін атап өтті.
«Бала тәрбиесімен айналысатын адам ретінде балалар ешқашан қандай да бір қақтығыстың, жанжалдың немесе саяси текетірестің құрбаны болмауы тиіс деп санаймын. Олардың қауіпсіздігі мен амандығы – халықаралық қауымдастық үшін де, әр мемлекет үшін де ең басты құндылықтардың бірі», деді Ж. Сүлейменова.
Сонымен қатар министр Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың халықаралық мәселелерді әрдайым бейбіт, дипломатиялық жолмен шешу қажеттігі туралы дәйекті ұстанымын ерекше атап өтті.
«Бұл – адам өмірін, әсіресе балалардың болашағын қорғауға бағытталған салмақты әрі дәйекті ұстаным. Мен бұл көзқарасты толық қолдаймын. Қаза болған ирандық балалардың ата-аналары мен жақындарына көңіл айтамын», деді Оқу-ағарту министрі.
Соңғы жаңалықтар