Журналда Алматы Іле Алатауының баурайындағы табиғат пен заманауи урбанистік кеңістікті үйлестірген қарқынды дамып келе жатқан мегаполис ретінде көрсетілген. Редакция кеңестік модернизмнен бастап қазіргі қоғамдық кеңістіктерге дейінгі сәулет эволюциясына назар аударып, қаланың гастрономиялық мәдениеті мен креативті индустриясының дамуын да атап өтеді.
Басылымда Республика алаңы мен Тәуелсіздік монументі, Вознесенский кафедралды соборы, Көктөбе сияқты көрнекті орындар жете таныстырылған. Сонымен қатар испан мүсіншісі Жауме Пленсаның «Надэс» атты мүсіні де назардан тыс қалмаған.
The Telegraph басылымы Маңғыстауды әлемдегі ерекше 10 шөлдің қатарына қосты

Алматыдағы түсірілім жұмыстары 2025 жылы жазда өткен. Ұйымдастырушылық қолдау мен локацияларды үйлестіруді Almaty Tourism Bureau қамтамасыз еткен.
Vogue басылымы Қазақстанды 2025 жылғы ең үздік 14 бағытқа қосты
Айта кетейік, Porschist – 20 жылдан астам тарихы бар, халықаралық аудиториясы қалыптасқан еуропалық баспа журналы әрі онлайн платформа. Әр саны белгілі бір елге арналып, оны сәулет, мәдениет, табиғи ландшафт және өмір салты арқылы таныстырады.

Басқа басылымдардан: Қазақстан негізгі транзиттік дәліздерді дамытып жатыр
Арнайы шығарылым Қазақстанның халықаралық медиакеңістіктегі танымалдылығын арттырады.