Спорт • Бүгін, 17:50

Асу Алмабаев UFC рейтингінде төмендеді

0 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Ережесіз жекпе-жек шебері Асу Алмабаев UFC-дің ең жеңіл салмақ дәрежесіндегі рейтингінде бір сатыға төмендеді, деп жазады Egemen.kz.

Асу Алмабаев UFC рейтингінде төмендеді

Фото: UFC

Жаңартылған рейтинг нұсқасында Асу бір орынға төмен түсіп, тоғызыншы орынға жайғасты. Алтыншы орынға мексикалық Брэндон Мореномен жекпе-жекке шығып, төрешілердің бірауыздан қабылдаған шешімімен жеңіске жеткен Лонир Кавана қайта оралды. Морено жетінші орынға төмендеп, енді бұл сатыны Амир Альбазимен бөліседі.

Ең жеңіл салмақ дәрежесіндегі үздік үштік өзгеріссіз қалды. Көш басында Алешандре Пантожа, одан кейін Манель Капе және Тацуро Таира орналасқан. UFC-дің бұл салмақтағы чемпиондық белбеуі америкалық Джошуа Ванға тиесілі.

Асу Алмабаев Дохадағы UFC турнирінде Пересті жеңді

Еске салайық, Асу Алмабаев пен Брэндон Морено 1 наурыз күні Мексикада жекпе-жек өткізуі тиіс еді. Алайда Асу дайындық кезінде қолын сындырып, жекпе-жек кейінгі шегерілді.

Өзбекcтандық файтер Асу Алмабаевпен жекпе-жекке шығудан бас тартты

Соңғы жаңалықтар