Қоғам • Бүгін, 16:41

Вице-министр: Конституцияға енгізілетін өзгерістер азаматтардың іргелі құқықтарын нығайтуға бағытталған

10 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Аталған облыстың Еңбекшіқазақ ауданында күрделі жөндеуден өткен перинаталдық орталық салтанатты түрде ашылды. Іс-шараға Денсаулық сақтау вице-министрі Тимур Мұратов қатысып, жаңғыртылған медициналық нысан өңір тұрғындарына сапалы әрі қолжетімді медициналық қызмет көрсетуге мүмкіндік беретінін атап өтті, деп жазады Egemen.kz.

Вице-министр: Конституцияға енгізілетін өзгерістер азаматтардың іргелі құқықтарын нығайтуға бағытталған

Фото: Денсаулық сақтау министрілгі

Жалпы аумағы 10,8 мың шаршы метрді құрайтын медициналық мекеме «Ауылдық денсаулық сақтауды жаңғырту» ұлттық жобасы аясында толық жаңартылды. Жөндеу барысында 2007 жылы салынған ғимарат толық реконструкциядан өтті. Атап айтқанда, инженерлік инфрақұрылым жаңартылып, медициналық жабдықтар заманауи техникамен алмастырылды. 110 төсек-орынға арналған орталықта босандыру және неонатологиялық көмек көрсетудің толық циклі ұйымдастырылған. Бұл ана мен бала денсаулығын қорғау жүйесін күшейтіп, өңірдегі медициналық қызмет сапасын арттыруға мүмкіндік береді.

Мамандардың айтуынша, жаңартылған орталық денсаулық сақтау саласындағы мемлекеттік кепілдіктерді іс жүзінде жүзеге асырудың нақты үлгісіне айналып отыр.

gov.kz

Жұмыс сапары барысында Тимур Мұратов өңірдегі медициналық ұйымдардың басшыларымен кездесу өткізіп, денсаулық сақтау саласының өзекті мәселелерін талқылады. Кездесудің негізгі тақырыбы – Конституциялық реформа болды.

Вице-министр алдағы референдумға шығарылатын елдің Негізгі заңына енгізілетін жаңашылдықтарға тоқталды. Оның айтуынша, Конституцияға енгізілетін өзгерістер азаматтардың іргелі құқықтарын нығайтуға, соның ішінде сапалы әрі қолжетімді медициналық көмек алу құқығын қамтамасыз етуге бағытталған.

Алматы облысының жастары «Халықтық Конституция үшін» жалпыұлттық коалициясын қолдады

Сапар қорытындысында вице-министр Ядролық физика институты мен Orhun Medical компаниясының өкілдерімен кездесті.

Кездесу барысында онкологиялық ауруларды диагностикалау және емдеуге арналған отандық радиофармацевтикалық препараттар өндірісін дамыту мүмкіндіктері талқыланды. Бұл бағыт өңірде жоғары технологиялы медицинаны дамытуға және ғылымды қажетсінетін өндірістерді кеңейтуге жол ашуы мүмкін.

Мамандардың пікірінше, мұндай жобалар елдегі онкологиялық ауруларды ерте анықтау және тиімді емдеу жүйесін дамытуға серпін береді.

Коалиция мүшелері Алматы облысы жұртшылығымен жүздесті

Соңғы жаңалықтар