Ауылда Болатбай есімді ағамыз бар. Кітап оқығанда анау-мынау оқымыстыңды жаңылдырмақ түгілі жолда қалдыратынына күмәнім жоқ. Әке таяғын ұстап, кеңшардың бір отар қойын шырқ үйірген ағамыздың қыста тонының қойнынан, жазда жейдесінің қалтасынан кітабы түспейтіні анық – алыс дала төсінде отарды шалқайта жайып тұрып қанша кітаптың ішіне сүңгіп шыққанының санын өзі де білмес, сірә! Кітапты көп оқитындығы соншалықты, күнделікті сөйлеу мәнері де кітаптың көркем тіліне айналып кеткен, ал «бәленше жазған бәленше деген кітаптың бәленінші бетінде былай дейді ғой» дегенде, таңданысыңызды жасыра алмайсыз. Дүние есігін ашқан үшемнің бірі «қазақ вальсінің королі» атанған Шәмшінің, қалған екеуі ХХ ғасырдағы қазақ халқының, қазақ әдебиетінің үзеңгі қағыстыра жүріп жыр төгілткен айтулы қос ақыны – Мұқағали мен Төлегеннің есімдерін иеленді дегенді естігенде, ол ауылдағы Болатбай ағамның шешімі болар деп топшыладым. Маңғыстауда биылғы жылғы алғашқы үшем ғана емес, алғашқы егіздер болып табылатын олардан бұрын отау иесі болар 13 жасқа келген ұл бала өсіп жатқан отбасының иесі, кітапқұмар Болатбайдың кіші інісі 44 жастағы Сәкен – Маңғыстаудың «Сам» кеңшарында ұзақ жыл шопан болған Іздібай ақсақал мен «Батыр ана» Жібек марқұмдардың кенже ұлы. Ал Сәкеннің жары Балкүміс 40 жасында отбасына бірден торсық шекелі үш ұл сыйлау бақытына ие болды.
Маңғыстау облыстық перинаталдық орталығының директоры Жамал Жаманбаеваның айтуынша, анасы мен сәбилердің денсаулығына сай ота арқылы босандырылған. Ең кішкентайының салмағы 1 кг 800 грамды құраған сәбилерді бір айдан астам уақыт дәрігерлер өз қадағалауларында ұстап, жағдайлары қалыпқа келген соң үйлеріне шығарып салған.
Қатарға «ат ұстар» келсе, қуанбайтын қазақ жоқ. Қазақтың саны бірден үш азаматқа көбейіп жатса, бұл бүкіл елдің қуанышы. Сондықтан, Маңғыстаудың алыс ауданындағы Сам құмының өскіндері – Мұқағали мен Төлегенге, Шәмшіге мықты денсаулық тілейміз. Аттарына сай айтулы азаматтар болып өсіп-жетілуіне тілекшіміз. Ал қазіргідей кітап оқу құрдымға кетіп, ұлттық болмысымыздан ұзаңқырап кеткен кезде кітапты жанына серік етіп, қазақтың ұлы тұлғаларын құрмет тұтқан ауылдағы ағайынға қалай риза болмассың?!
Гүлайым ШЫНТЕМІРҚЫЗЫ,
«Егемен Қазақстан».
Маңғыстау облысы.

Астанада мереке күндері қай көшелер жабық болады?
Инфрақұрылым • Бүгін, 16:50
Қорапқа қолыңызды тигізбеңіз: Астанада алаяқтардың жаңа әдісі жұртты дүрліктірді
Елорда • Бүгін, 16:37
Елімізде үй жануарын қараусыз қалдырғандарға айыппұл енгізіледі
Заң • Бүгін, 16:35
Президент Швеция Королін 80 жылдық мерейтойымен құттықтады
Президент • Бүгін, 16:32
Путин Қазақстанға келеді: Тоқаев Ресейдің Сыртқы істер министрімен кездесу өткізді
Президент • Бүгін, 16:25
«Мөлдір бұлақ» акциясы: Астанада 100-ден аса адам бұлақ маңын қоқыстан тазартты
«Таза Қазақстан» • Бүгін, 16:22
Алматыда көлік иелеріне катализатор орнату міндеттеледі
Алматы • Бүгін, 16:10
Енді мемлекеттік қызметшілер жыл сайын наркотесттен өтеді
Парламент • Бүгін, 15:57
ҰБТ-2026 және 1 сыныпқа қабылдау: 1 мамырдан бастап Қазақстанда не өзгереді?
Білім • Бүгін, 15:55
Алматыда әлемдік деңгейдегі Innotech университеті ашылды
Білім • Бүгін, 15:50
Тоқаев қазақ тазысын тануға септігін тигізген Тамаш Яккельге алғыс айтты
Президент • Бүгін, 15:40
Алматыда даулы крематорий пайдалануға берілді
Оқиға • Бүгін, 15:32
Орталық Азиядағы ең ірі кешен: Түркістан облысында бірегей жүгері өңдейтін зауыт іске қосылады
Аймақтар • Бүгін, 15:13