Фото: ашық дереккөз
Атырау қаласының әкімшілік құқық бұзушылықтар жөніндегі мамандандырылған сотында Д.-ға қатысты Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодесінің 389-бабының 1-бөлігімен (Жабайы жануарлар мен өсімдіктердің түрлерін, олардың бөліктерін немесе дериваттарын заңсыз иемдену, өткізу, алып өту, әкелу, әкету, сақтау (ұстау) іс қаралды.
«Азаматша Д. өзінің тұрғылықты үйінде салмағы 30 кило, ұзындығы 3-3,5 метр питон жыланын құжатсыз ұстағаны анықталды. Оның кінәсі әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттамамен, сауал қою хаттамасымен, фотосуретпен толық дәлелденді», деп мәлім етті аталған соттан.
Сот қаулысымен Д. әкімшілік құқық бұзушылық жасағаны үшін кінәлі деп танылды. Оған әкімшілік жаза ретінде 10 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салынды. Бірақ, жасалған құқық бұзушылықтың сипаты, жеке басы ескеріліп, айыппұл сомасы 30%, яғни 30 275 теңгеге қысқартылды.
Питон жыланы мемлекет кірісіне тәркіленді.
Сот қаулысы заңды күшіне енген жоқ.