Қыз сайлау учаскесіне кірген сәттен бастап-ақ назарға ілікті. Ақ халат пен робот-иттің үйлесімі жұртшылыққа ерекше әсер қалдырды. Көптеген адамдар бұл сәтті әлеуметтік желілерге жариялап, кадрлар қысқа уақытта Telegram-арналар мен басқа платформаларда кең тарады.
Робот-ит қызды дауыс беру рәсімі барысында бірге ертіп жүрген. Дегенмен, ол дауыс беру процесіне еш кедергі келтірмеген. Қыз тіркеуден өтіп, дауысын беріп, референдум бюллетенін жәшікке салған.
Сайлау учаскесіндегі бақылаушылар мен азаматтар бұл көріністі ерекше әрі қызықты сәт ретінде бағалады.
Ақмола облысында ерекше көрініс: сайлаушылар учаскеге бүркіт пен тазы алып келді
Еске салайық, бұл қыз 2024 жылы Атом электр станциясының (АЭС) мәселесі бойынша өткен референдумға да ақ халатпен келген. Биылғы референдумда да ол өз дәстүрін жалғастырып, дауыс беру рәсімін ерекше форматта өткізді.