Кеше Парламентте Мәжіліс Төрағасы Қабиболла Жақыпов Корея Республикасы Ұлттық Ассамблеясының «Қазақстан Республикасы – Корея Республикасы» ынтымақтастық жөніндегі парламентаралық топ жетекшісінің орынбасары, Корея Республикасы Ұлттық Ассамблеясының депутаты Чаң Юнсок бастаған делегация өкілдерімен кездесті.
Тараптар барлық сала бойынша екіжақты қарым-қатынасты дамыту жайында пікір алмасты. Мәжіліс Төрағасы Корея Қазақстанның Шығыс Азиядағы маңызды стратегиялық әріптестерінің бірі екенін алға тарта келіп, саяси, сауда-экономикалық саладағы жетістіктерге тоқталды. Корея Республикасының Президенті Па Кын Хенің өткен жылғы Қазақстанға жасаған мемлекеттік сапары өзара саяси іс-қимылға тың серпін берді.
Қос мемлекет арасындағы тауар айналымы өткен жылы 2 млрд. долларға жуықтады. Бүгінгі күні Қазақстанда 800-ден астам бірлескен кәсіпорын жұмыс істейді.
Әсіресе, Атырау облысында салынып жатқан газ-химиялық кешен, жақын уақытта іске қосылатын «Жамбыл» кен орны, Балқаш ЖЭС сынды ірі жобалар Қазақстанның инфрақұрылымдық дамуына айтарлықтай үлес қосумен қатар, біздің елдеріміздің инвестициялық және технологиялық ынтымақтастығын нығайта түспек.
Осы ретте Мәжіліс Спикері Еуразиялық экономикалық одақ басымдықтарын да назардан тыс қалдырмады. Одан әрі Мәжіліс Төрағасы оңтүстіккореялық бизнес өкілдерін «Нұрлы Жол» Жаңа Экономикалық Саясаты мен ауқымды үдемелі индустриялық даму бағдарламасы аясында Қазақстанда индустриялық-инновациялық жобаларды жүзеге асыруға, сондай-ақ, Астанада өтетін ЭКСПО-2017 халықаралық көрмесіне белсене қатысуға шақырды.
Қабиболла Жақыпов көпжақты іс-қимылды нығайту жайын сөз еткенде Корея Республикасының 2017-2018 жылдары БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің тұрақты емес мүшелігіне Қазақстан кандидатурасын қолдайтындығына сенім білдірді. Ал елдегі саяси ахуалды әңгімелеу барысында сәуір айында өтетін президенттік сайлаудың маңыздылығын атап өтті.
Өз кезегінде делегация жетекшісі Астанаға бірінші рет келгенін, қаланың заманауи деңгейде өркендеп келе жатқанына тәнті болғанын жеткізді.
Кездесу иелері мәдени-гуманитарлық байланыстарды нығайту мәселесіне де көңіл бөлді. Сондай-ақ, парламентаралық ықпалдастықты күшейтуге айрықша назар аударылды, деп хабарлады Мәжілістің баспасөз қызметі.

Статистика: Ел тұрғындары темекі мен алкогольге кететін шығынды азайтқан
Денсаулық • Бүгін, 17:58
Жыл соңына қарай доллар 540 теңгеге қымбаттайды
Қаржы • Бүгін, 17:49
Елдос Сметов биыл татамиге қайта оралуы мүмкін
Спорт • Бүгін, 17:32
Атырау колониясында сотталған адам көз жұмды: Мекеменің 12 қызметкері жазаланды
Аймақтар • Бүгін, 17:20
Енді домбыраны ұшақ бортында алып жүруге болады
Қоғам • Бүгін, 17:16
Астанада мереке күндері қай көшелер жабық болады?
Инфрақұрылым • Бүгін, 16:50
Қорапқа қолыңызды тигізбеңіз: Астанада алаяқтардың жаңа әдісі жұртты дүрліктірді
Елорда • Бүгін, 16:37
Елімізде үй жануарын қараусыз қалдырғандарға айыппұл енгізіледі
Заң • Бүгін, 16:35
Президент Швеция Королін 80 жылдық мерейтойымен құттықтады
Президент • Бүгін, 16:32
Путин Қазақстанға келеді: Тоқаев Ресейдің Сыртқы істер министрімен кездесу өткізді
Президент • Бүгін, 16:25
«Мөлдір бұлақ» акциясы: Астанада 100-ден аса адам бұлақ маңын қоқыстан тазартты
«Таза Қазақстан» • Бүгін, 16:22
Алматыда көлік иелеріне катализатор орнату міндеттеледі
Алматы • Бүгін, 16:10
Енді мемлекеттік қызметшілер жыл сайын наркотесттен өтеді
Парламент • Бүгін, 15:57
ҰБТ-2026 және 1 сыныпқа қабылдау: 1 мамырдан бастап Қазақстанда не өзгереді?
Білім • Бүгін, 15:55