Амманға жұмыс бабындағы сапары барысында Парламент Сенатының Төрағасы Қасым-Жомарт Тоқаев Иордания Королі Абдалла II-мен кездесті, деп хабарлады Парламент Сенатының баспасөз қызметі.
Сенат Төрағасы Абдалла II-ге Қазақстан Президенті Н.Назарбаевтың жылы шырайлы сөздерін жеткізді. «Халықаралық жағдайды сауықтыруға, сондай-ақ, Корольдіктің қоғамдық-саяси өмірі мен экономикасын реформалауға бағытталған сіздің қызметіңізді біздің еліміздің Президенті жоғары бағалайды», деп атап өтті Қ.Тоқаев.
Сенат Төрағасы әлемдік діндер мен конфессиялардың өзара іс-қимылын қалыптастыру жөніндегі Иорданияның көзқарасы Қазақстанға да ортақ екенін атап өтті, исламның бейбітсүйгіш дін екені, сондай-ақ, түрлі діндер өкілдерінің арасындағы үнқатысудың маңыздылығы «Амман жолдауында» көрініс тапқаны айтылды. «Бұл идеялар Қазақстанға да өте жақын. Біздің пікірімізше, бейбітшілік, қауіпсіздік және өзара ынтымақтастық қағидаларын бекемдеуде әлемдік қоғамдастықта басқа діндер сияқты исламның да зор әлеуеті бар», деді Қ.Тоқаев.
Толеранттылық пен өзара құрмет рухын ілгерілету жөніндегі Иордания Королінің күш-жігерін жоғары бағалаған Парламенттің жоғарғы палатасының Төрағасы, Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшылары съезі Хатшылығының басшысы Қ.Тоқаев Абдалла II-ге биылғы 10-11 маусымда Астанада болатын V Съезге Президент Н.Назарбаевтың шақыруын жеткізді. «Саяси көшбасшылар мен діни басшылар тарапынан келісілген іс-қимыл мен өзара қолдау барда адамзат қазіргі замандағы жаһандық қатерлерге тиімді қарсы тұра алады, сіздің өзіңіздің V Съезге қатысуыңыз халықаралық қоғамдастықтың бәріне ол туралы анық белгі беретіні күмәнсіз», деп атап өтті Сенат Төрағасы.
Қ.Тоқаев Абдалла II-ні Қазақстандағы ішкі саяси жағдайлар туралы хабардар етіп, Мемлекет басшысының «Нұрлы Жол – болашаққа бастар жол» Жолдауын іске асыру, сондай-ақ, сайлау науқанының барысы туралы әңгімеледі.
Иордания Королі Қазақстан Президенті Н.Назарбаевқа зор құрметпен қарайтынын жеткізе отырып, оған сайлауда табысқа жетуіне тілектестігін білдірді. Жоғары деңгейде сенімді үнқатысу орнықты, бірнеше мәрте Қазақстанда сапарда болған Король Абдалла II біздің еліміздің даму қарқынына ризашылығын білдірді, Астана мен Амманның халықаралық және аймақтық көптеген мәселелер бойынша көзқарастары ұқсас екені маңызды.
Сапар аясында Қ.Тоқаев Иордания Хашимит Корольдігі Парламенті Сенатының Төрағасы Абд Ар-Рауф Әл-Рауабдемен кездесті.
А.Рауабденің былтырғы маусымдағы Қазақстанға сапарына ерекше мән берген Сенат Төрағасы оның парламентаралық үнқатысуға қосымша серпін бергенін атап өтті және Қазақстан Парламенті иордан әріптестерімен өзара іс-қимылды нығайтуға әзірлігін білдірді.

Статистика: Ел тұрғындары темекі мен алкогольге кететін шығынды азайтқан
Денсаулық • Бүгін, 17:58
Жыл соңына қарай доллар 540 теңгеге қымбаттайды
Қаржы • Бүгін, 17:49
Елдос Сметов биыл татамиге қайта оралуы мүмкін
Спорт • Бүгін, 17:32
Атырау колониясында сотталған адам көз жұмды: Мекеменің 12 қызметкері жазаланды
Аймақтар • Бүгін, 17:20
Енді домбыраны ұшақ бортында алып жүруге болады
Қоғам • Бүгін, 17:16
Астанада мереке күндері қай көшелер жабық болады?
Инфрақұрылым • Бүгін, 16:50
Қорапқа қолыңызды тигізбеңіз: Астанада алаяқтардың жаңа әдісі жұртты дүрліктірді
Елорда • Бүгін, 16:37
Елімізде үй жануарын қараусыз қалдырғандарға айыппұл енгізіледі
Заң • Бүгін, 16:35
Президент Швеция Королін 80 жылдық мерейтойымен құттықтады
Президент • Бүгін, 16:32
Путин Қазақстанға келеді: Тоқаев Ресейдің Сыртқы істер министрімен кездесу өткізді
Президент • Бүгін, 16:25
«Мөлдір бұлақ» акциясы: Астанада 100-ден аса адам бұлақ маңын қоқыстан тазартты
«Таза Қазақстан» • Бүгін, 16:22
Алматыда көлік иелеріне катализатор орнату міндеттеледі
Алматы • Бүгін, 16:10
Енді мемлекеттік қызметшілер жыл сайын наркотесттен өтеді
Парламент • Бүгін, 15:57
ҰБТ-2026 және 1 сыныпқа қабылдау: 1 мамырдан бастап Қазақстанда не өзгереді?
Білім • Бүгін, 15:55