Ауа райы • Бүгін, 10:40

Бүгін еліміздің тоғыз қаласында ауа сапасы нашарлайды

10 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Синоптиктер 22 наурызда Астана мен еліміздің сегіз қаласында ауа сапасы нашарлайтынын ескертті, деп хабарлайды Egemen.kz

Бүгін еліміздің тоғыз қаласында ауа сапасы нашарлайды
«22 наурызда Қостанай, Павлодар, Қарағанды, Жезқазған, Балқаш, Теміртау, Ақтөбе, Алматы, Астана қалаларында ауа ластануының қолайсыз метеорологиялық жағдайлары күтіледі», делінген синоптиктер хабарламасында.

Қолайсыз метеорологиялық жағдайлар – атмосфералық ауаның беткі қабатында зиянды (ластаушы) заттардың шоғырлануына ықпал ететін қысқамерзімді метеофакторлардың (тымық ауа райы, жеңіл жел, тұман, инверсия) жиынтығы.

Бұған дейін 22 наурызға арналған ауа райы болжамын ұсынған едік. 
Соңғы жаңалықтар