Саясат • Бүгін, 07:57

Ықпалдастықтың жаңа кезеңі

10 рет
көрсетілді
3 мин
оқу үшін

Шымкентте өткен Еуразиялық үкіметаралық кеңестің шағын құрамдағы отырысында интеграциялық ынтымақтастықты жаңа деңгейге көтеру мәселесі талқыланды. Тараптар сауда-экономикалық байланысты кеңейту, цифрлық технология мен жасанды интеллектіні енгізу арқылы ортақ нарықтың тиімділігін арттыруға басымдық берді.

Ықпалдастықтың жаңа кезеңі

Отырыс Премьер-ми­нистр Олжас Бектеновтің төрағалығымен өтті. Жиынға Беларусь Республикасының Премьер-министрі Александр Турчин, Қырғыз Республикасы Министрлер кабинетінің төрағасы – Президент Әкім­шілігінің басшысы Адылбек Касымалиев, Ресей Федера­циясы Үкіметінің төрағасы Михаил Мишустин, Армения Республикасының вице-премьері Мгер Григорян, Еуразиялық экономикалық комиссия алқа­сының төрағасы Бақытжан Сағынтаев қатысты.

Кездесу барысында Еура­зия­лық экономикалық одақ (ЕАЭО) аясындағы өзара іс-қимылды одан әрі тереңдету, сауда-экономикалық байланыстарды кеңейту, цифрлық технологияларды енгізу мен жасанды интеллектіні инте­г­рациялық үдерістерге тиімді пайдалану мәселелері талқы­ланды. Тараптар қазіргі геоэко­номикалық жағдайда бірлескен жобаларды дамыту мен кедер­гісіз орта қалыптастырудың маңыздылығына ерекше назар аударды.

Еліміз биыл Еуразиялық экономикалық одақ органдарына төрағалық етеді. Осыған байланысты Мемлекет басшысы   Қасым-Жомарт Тоқаев ұйымға мүше мемлекеттер басшыларына жолдаған үндеуінде төрағалық кезеңінің негізгі басымдықтарын айқындап берген болатын. Атап айтқанда, экономикалық интеграцияның жаңа сапалы кезеңіне өту үшін жасанды интеллект мүмкіндіктерін тиімді пайдалану, саудадағы әкімшілік тосқауылдарды азайту, сондай-ақ өзара жеткізу тізбектерін жетілдіру міндеттері белгіленді.

Олжас Бектенов интегра­циялық күн тәртібін іске асыруда ортақ күш-жігердің маңызына тоқталып, ЕАЭО кеңістігінде экономикалық байланыстарды нығайту жаңа мүмкіндіктерге жол ашатынын жеткізді. Оның айтуынша, цифрлық технологиялар мен жасанды интеллект құралдарын кеңінен қолдану өндірістік кооперацияны жандандырып, өңірлік сауда көлемін ұлғайтуға ықпал етеді.

Жиын барысында қатысу­шы­лар цифрландырудың эконо­миканың әртүрлі саласына тигізер әсеріне де назар аударды. Жасанды интеллект технологияларын енгізу логистикалық үдерістерді жеделдетіп, тауар қозғалысының ашықтығын арттыруға, сондай-ақ тиімді цифрлық жеткізу тізбектерін қалыптастыруға мүмкіндік беретіні айтылды. Бұл өз кезегінде кәсіпкерлік белсенділікті арттырып, жаңа инновациялық жобалардың іске асуына жағдай жасайды.

Бұған қоса, тараптар өнер­кәсіптік кооперацияны кеңейту, бірлескен цифрлық платформаларды дамыту, деректер алмасу тетіктерін жетілдіру бағы­тында тәжірибе бөлісті. Инте­грация­лық бірлестік аясында за­манауи технологиялар­ды пай­далану өндіріс тиімді­лігін арт­тырып қана қоймай, экономи­калардың бәсекеге қабілеттілігін күшейтетіні айтылды.

Отырыс «Индустрия 5.0: Өзара іс-қимыл күші» тақы­рыбына арналған Digital Qazaqstan 2026 халықаралық цифрлық форумы қарсаңын­да ұйымдастырылды. Бұл өз кезегінде цифрлық трансформация мәселелері бойынша көпжақты диалогті тереңдетуге, жаңа бастамаларды ілгерілетуге мүмкіндік береді.

Жиын қорытындысында қатысушылар Еуразиялық эко­номикалық одақ кеңістігінде инно­вациялық даму қарқы­нын күшейту, цифрлық шешім­дерді кеңінен енгізу және эконо­микалық әріптестікті жаңа деңгейге көтеру бағытындағы өзара іс-қимылды жалғастыруға ниетті екендерін білдірді.

Соңғы жаңалықтар

Сахна – рухтың шамшырағы

Театр • Бүгін, 09:05