Фото: blogeklassa.blogspot.com
Аталған шара нәтижесінде облыстың орман қорының көлемі ұлғайды.
Прокурорлық әрекеттердің арқасында Шалқар ауданында 22 мың гектар, ал Байғанин ауданында 95 мың гектар жер Байғанин орман шаруашылығының қарамағына берілді. Жерге орналастыру рәсімдері аяқталған соң, аталған аумақтар орман қоры жерлеріне ауыстырылады.
Нәтижесінде Ақтөбе облысының орман қорының жалпы аумағы 30% артты, яғни 254 мың гектардан 371 мың гектарға дейін ұлғайып, ормандарды қорғау мен сақтау үшін қолайлы жағдай жасалды.
Осылайша, 100 000 гектардан астам орман жері есепке алынды.
Солтүстік Қазақстандағы орман шаруашылықтарына 51 жаңа техника берілді