«Қазгидромет» РМК мәліметінше, кең ауқымды антициклонның әсерінен елдің басым бөлігінде жауын-шашынсыз, тұрақты ауа райы сақталады.
Алайда батыс өңірлерде атмосфералық фронттардың өтуіне байланысты жаңбыр жауып, найзағай күтіледі. Кей жерлерде жауын-шашынның қарқыны күшеюі мүмкін.
Сонымен қатар республика бойынша бірқатар қолайсыз ауа райы құбылыстары болжанып отыр. Атап айтқанда, кей өңірлерде тұман түседі, солтүстікте көктайғақ болуы ықтимал. Батыс, оңтүстік, шығыс және орталық аймақтарда жел күшейеді. Ал батыс пен оңтүстікте шаңды дауыл соғуы мүмкін.
Еліміздің басым бөлігінде ауа райына байланысты ескерту жарияланды