Жануарлар • Кеше

Алматы зообағында Амур жолбарысы күшіктеді

10 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қаңтар айында Алматы хайуанаттар бағында Бентли мен Ярга атты жолбарыстар жұбында үш бірдей кішкентай төл өмірге келді, деп хабарлайды Egemen.kz

Алматы зообағында Амур жолбарысы күшіктеді

Қала мәдениет басқармасының мәліметіне сүйенсек, алғашқы аптада жолбарыс күшітері анасының қасында болған, ал көктемнің келуімен олар кеңістікке шыға бастады. Қазіргі уақытта күшіктер ана сүтін еміп жүрсе де, еттің дәмін де татып көре бастады.

у

Көктемгі маусымның басталуымен жылуды жақсы көретін жануарлар да жазғы вольерлерге шығарылды. Пілдер, керіктер, мүйізтұмсықтар, зебралар, тапирлер және пеликандар ашық алаңға шығып, еркін қозғалып, табиғи өмір салтын жүргізе бастады.

у

Зообақ директоры Сейілхан Ақылбеков үш Амур жолбарысының дүниеге келуі – мамандардың үлкен еңбегінің нәтижесі және маңызды оқиға екенін атап өтті.

Іле Алатауы саябағында жабайы аң фототұзаққа түсіп қалды

Соңғы жаңалықтар