Бұл шешім арқылы құжат қабылдауды тиімді әрі сапалы ұйымдастыру да көзделіп отыр.
«Биыл құжат қабылдау 27 мамыр, сәрсенбіден басталып, 31 тамызға дейін жүргізіледі. Қазіргі таңда база бірнеше мәрте тесттен өтіп жатыр, ата-аналар үшін барынша қолайлы жағдай жасалды, оны қосымша таныстыратын боламыз», деді министр.