Ауа райы • Бүгін, 09:34

Нөсер жаңбыр мен дауыл: Бірқатар өңірде ауа райына байланысты ескерту жарияланды

20 рет
көрсетілді
3 мин
оқу үшін

«Қазгидромет» бүгін бірнеше өңірде қоласыз ауа райы болатынын ескертіп, жаңбыр жауып, найзағай ойнайтынын болжап отыр, деп жазады Egemen.kz.

Нөсер жаңбыр мен дауыл: Бірқатар өңірде ауа райына байланысты ескерту жарияланды

Фото: panoramapro.ru

Батыс Қазақстан облысының батысында, солтүстігінде нөсер жаңбыр жауады, найзағай ойнайды. Күндіз облыстың солтүстігінде, шығысында, орталығында бұршақ жауады және дауыл болжанған. Түнде және таңертең облыстың солтүстігінде, шығысында, орталығында тұман түседі.

Оралда найзағай ойнайды. Түнде және таңертең тұман түседі. Жел оңтүстік-батыстан, батыстан соғады, күндіз екпіні секундына 15-20 метрге жетеді.

Маңғыстау облысының батысында, оңтүстігінде, орталығында кей уақыттарда жаңбыр, бұршақ жауады, дауыл болады. Найзағай жарқылдайды. Облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде тұман түседі.

Жамбыл облысының шығысында, таулы аудандарында жаңбыр жауады, найзағай жарқылдайды. Облыстың оңтүстігінде, таулы аудандарында тұман түседі. Солтүстік-шығыстан жел соғады.

Таразда түнде және таңертең тұман түседі, жауын-шашын болмайды.

Қазақстанда ауа райы 5 градусқа дейін суытады

Атырау облысының солтүстігінде, шығысында жаңбыр жауады, найзағай ойнайды. Күндіз облыстың батысында, оңтүстігінде, шығысында шаңды дауыл.

Алматы облысының солтүстігінде, оңтүстігінде, күндіз таулы аудандарында найзағай ойнайды. Оңтүстік-батыстан соғатын жел солтүстік-батысқа ауысады, облыстың оңтүстігінде, шығысында, таулы аудандарында желдің екпіні секундына 15-20 метрге жетеді.

Алматыда күндіз найзағай ойнайды. Күндіз желдің екпіні секундына 15 метрге жетеді. Қонаевта түнде найзағай ойнайды.

Қызылорда облысының оңтүстігінде найзағай, дауыл болады. Облыстың шығысында жоғары өрт қаупі сақталады. Қызылордада күндіз найзағай, дауыл болады.

Ақтөбе облысының батысында, солтүстігінде, орталығында найзағай ойнайды. Оңтүстік-шығыстан соғатын жел солтүстік-батысқа ауысады, күндіз облыстың батысында, солтүстігінде, орталығында екпіні секундына 15-20 метрег дейін жететін жел болжанған.

Алдағы үш күнде ауа райы күрт өзгереді

Жетісу облысының шығысында, орталығында, таулы аудандарында найзағай ойнайды. Облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде, орталығында жоғары өрт қауіпі сақталады. Талдықорғанда түнде найзағай ойнайды.

Ақмола облысының батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде тұман түседі. Көкшетауда түнде және таңертең тұман болады.

Солтүстік Қазақстан облысының солтүстігінде, оңтүстігінде, батысында тұман түседі. Петропавлда түнде және таңертең тұман түседі.

Түркістан облысының батысында, оңтүстігінде, таулы аудандарында найзағай, бұршақ, дауыл болады. Облыстың тау бөктерлі аудандарында тұман түседі. Шымкентте күндіз найзағай, дауыл болады. Түркістанда найзағай, дауыл болады. Солтүстік-шығыстан соғатын жел оңтүстік батысқа ауысады, желдің екпіні секундына 15-20 метрге жетеді.

Павлодар облысының солтүстігінде, шығысында тұман түседі.

Қарағанды облысының батысында, солтүстігінде, шығысында тұман түседі. Облыстың оңтүстігінде жоғары өрт қаупі бар. Қарағандыда түнде және таңертең тұман түседі.

Ұлытау облысының шығысында тұман болады.

Ертең еліміздің басым бөлігінде жауын-шашынсыз ауа райы сақталады

Қостанай облысының батысында, солтүстігінде жаңбыр, найзағай ойнайды. Облыстың батысында, шығысында, оңтүстігінде тұман. Оңтүстік-шығыстан жел соғады.

Абай облысының солтүстігінде, оңтүстігінде, орталығында жаңбыр жауады, найзағай ойнайды. Түнде және таңертең облыстың солтүстігінде тұман түседі.

Шығыс Қазақстан облысының солтүстігінде, оңтүстігінде, шығысында жаңбыр, найзағай ойнайды. Түнде және таңертең облыстың солтүстігінде, шығысында тұман түседі. Оңтүстік-шығыстан соғатын жел солтүстік-батысқа ауысады, облыстың шығысында, оңтүстігінде желдің екпіні секундына 15-20 метрге жетеді.

Астанада түнде тұман түседі. Күн райы ашық болады деп болжанған. 

Соңғы жаңалықтар