Аймақтар • Бүгін, 10:03

Ақмола облысында «Шөптікөл» бөгеті бұзылды

30 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Ақмола облысы Қорғалжын ауданында «Шөптікөл» бөгеті бұзылды. Гидротехникалық нысан Сабынды ауылынан солтүстікке қарай 2 шақырым жерде орналасқан, деп жазады Egemen.kz.

Ақмола облысында «Шөптікөл» бөгеті бұзылды

Фото: ҚазАвтоЖол

Жергілікті атқарушы билік оқиға орнында суды қауіпсіз өткізу бойынша жедел жұмыстар жүргізіліп жатқанын мәлімдеп отыр. Төтенше жағдайдың салдарын жоюға ТЖМ, жергілікті атқарушы органдар, аудандық полиция бөлімі және жол қызметтерінің күштері мен құралдары жұмылдырылған.

Көкарал бөгеті жаңғыртылады: Солтүстік Аралды сақтаудың жаңа кезеңі басталмақ

Жалпы саны шамамен 170 адам және 43 бірлік техника тартылған. Сондай-ақ бөгетті нығайту, инертті материалдар төгу және суды бұру жұмыстары басталған.

Вице-премьер Қарағанды облысындағы бөгеттер мен су қоймаларын тексерді

Соңғы жаңалықтар