Фото: egemen.kz/ Қырмызы Жұмағалиқызы
Дәрігерлер науқас әйелдің жағдайын ауыр деп бағалап отыр. Дәрігерлердің айтуынша, 39 жастағы әйел жедел жәрдеммен медициналық мекемеге жеткізілгенде денесінің 50-55%-ын күйік шалғаны анықталған.
Астанадағы балалар ауруханасында өрт шықты
«Науқастың II–III АБ дәрежелі термиялық күйік, термоингаляциялық зақымдану және II-III дәрежелі күйік шогын алғаны анықталды. Науқас шұғыл түрде арнайы палатаға жатқызылып, травматолог, реаниматолог, ЛОР дәрігері және токсиколог мамандардың қарауынан өтті. Кейін жансақтау және қарқынды терапия бөліміне жатқызылды», деді №1 көпсалалы қалалық аурухананың травматолог дәрігері Марат Сәбіров.
Әкімдік зардап шеккен әйелге және қаза тапқандардың отбасына қажетті жан-жақты көмек көрсетілетінін хабарлады.