Аймақтар • Бүгін, 12:27

Қызылордада есірткі сатқан азамат 8 жылға сотталды

30 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Өткен жылдың жазында полицейлер қоғамдық қауіпсіздік пен азаматтардың денсаулығына елеулі қатер төндіретін синтетикалық есірткі заттарын өткізген 30 жастағы азаматты ұстаған еді, деп хабарлайды Egemen.kz.

Қызылордада есірткі сатқан азамат 8 жылға сотталды

Қала орталығындағы жалға алынған пәтерді тексеру және тінту барысында синтетикалық есірткінің 110 пакеті табылыпты. Сараптама қорытындысы ұнтақтың жалпы салмағы 489,21 грамм болатын «а-пирролидиновалерофенен» немесе «a-PVP» психотроптық зат екенін көрсеткен. 

Ішкі істер министрлігі 34 жасырын есірткі зертханасын жойды

Ұсталған адамға қатысты қылмыстық іс қозғалды, сотқа дейінгі тергеп – тексеру әрекеттері жүргізілді. Тергеу барысында күдікті сот шешімін күтіп қамауда болды. Ол сот шешімімен аса ірі мөлшерде психотроптық заттарды өткізу мақсатында заңсыз сатып алғаны, сақтағаны үшін кінәлі деп танылып, қылмыстық-атқару жүйесі мекемесінде жазасын өтей отырып, 8 жыл мерзімге бас бостандығынан айыруға сотталды.

Қарағандыда есірткіге қарсы ауқымды акция өтті: 2 мыңнан астам граффити жойылды

Қазіргі уақытта үкім заңды күшіне енді.  

 

 

Соңғы жаңалықтар