Фото: olympic.kz
Қазақстан хоккей федерациясы ұлттық құраманың бапкерлер құрамын жариялады. Құраманың бас бапкері болып Талғат Жайлауов тағайындалса, оның жаттықтырушылар штабына «Барыс» жүйесінің тағы екі өкілі Константин Пушкарёв пен Александр Кудрявцев енді.
Мемлекет басшысы Astana Team балалар хоккей командасын жеңіске жетуімен құттықтады
Айта кетейік, Талғат Жайлауов 2011 жылғы Қысқы Азия ойындарының чемпионы, 2007 жылғы Азия ойындарының күміс жүлдегері атанған. Сондай-ақ құрлықтық хоккей лигасында көптеген маусым бойы табысты өнер көрсеткен. Ал жаттықтырушы ретінде «Номад» және «Барыс» клубтарының бапкерлер құрамында жұмыс істеген.