Руханият • Бүгін, 09:25

Қазақстанның халық әртісі Есмұхан Обаев дүниеден өтті

50 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қазақстанның халық әртісі, театр режиссері, профессор, платиналы «Тарлан» тәуелсіз сыйлығының, «Парасат» және «Барыс» ордендерінің иегері, мемлекеттік стипендияның лауреаты Есмұхан Несіпбайұлы Обаев дүниеден өтті, деп жазады Egemen.kz.

Қазақстанның халық әртісі Есмұхан Обаев дүниеден өтті

Фото: Ашық дереккөз

Есмұхан Несіпбайұлы саналы ғұмырын қазақ театр өнерінің дамуына, сахна мәдениетінің өркендеуіне, ұлттық режиссура мен актерлік мектептің қалыптасуына арнаған көрнекті тұлға болатын. Ұлт мәдениетінің мерейін өсірген, театр өнерінің абыройын асқақтатқан ардақты азамат қай кезеңде де өнерге адалдықтың, кәсібіне жауапкершіліктің үлгісін көрсете білді.

Мәдениет және ақпарат министрлігі Қазақстанның халық әртісінің дүниеден өтуіне байланысты отбасы мен жақын туыстарына, туған халқына көңіл айтты.

«Ол тәрбиелеген буын, сахналаған туындылар мен қалыптастырған көркемдік ұстаным қазақ театрының алтын қорында қала бермек. Ұлттық мәдениеттің дамуына сүбелі үлес қосқан Есмұхан Несіпбайұлының жарқын бейнесі, шығармашылық мұрасы мен ғибратты ғұмыр жолы халқымыздың жадында мәңгі сақталады деп сенеміз. Марқұмның жаны жәннатта, иманы саламат, топырағы торқа болсын», делінген министрліктің көңіл айту хатында.

Соңғы жаңалықтар

Аңдатпа

Аңдатпа • Бүгін, 09:10

Жұбановтан қалған жәдігер

Жәдігер • Бүгін, 08:55

Алаш тұлғасына құрмет

Тағзым • Бүгін, 08:45