Фото: Ашық дереккөз
Әуе компаниясының мәліметінше, аталған рейстер 29 тамызға (қоса алғанда) дейін тоқтатылады.
Ал бұған дейін алынған билет қаржысы ешқандай айыппұлсыз қайтарылады. Ол үшін азаматтар билетті алған жеріне жүгіну қажет.
«FlyArystan-ның ресми сайты немесе мобильді қосымшасы арқылы билет рәсімдеген жолаушылар ақшасын онлайн түрде, өз бетінше қайтара алады. Ал туристік агенттіктер мен өзге де сату арналары арқылы алынған билеттер бойынша сол жерлерге жүгіну қажет», делінген компания хабарламасында.
Айта кетейік, бұған дейін FlyArystan Ақтау – Дубай – Ақтау бағыты бойынша рейстерді тоқтату мерзімін 19 мамырға дейін (қоса алғанда) ұзартылатынын хабарлаған.