Фото: Видеодан алынған кадр
Әлеуметтік желілерге жүргізілген мониторинг барысында анықталған бейнежазбада бір топ жүргізушінің даңғыл бойында аса қауіпті әрекеттер жасағаны анықталған.
Тәртіп сақшыларының мәліметінше, жазбада келесідей өрескел заң бұзушылықтар тіркелген:
- Қарсы бағытқа шығып кету;
- Апаттық жағдай туғызу;
- Көлік ағыны арасында кедергілер жасау («шашки» әдісі);
- Қауіпсіздік талаптарын мүлдем елемеу.
Іздестіру бөлімшесінің қызметкерлері жарысқа қатысқандардың барлығын анықтап, ұстаған.
Еске салайық, 21 наурызға қараған түні Алматыда жол апаты салдарынан үш адам көз жұмды. Жол апатынан кейін Алматыда көлік қозғалысына бақылау күшейтіліп, полиция басшылары қызметінен босатылды.