Әлем • Бүгін, 15:35

Иран әуе кеңістігін ішінара ашты

30 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Иранның Азаматтық авиация басқармасы 18 сәуір күні таңертеңнен бастап елдің әуе кеңістігін ішінара ашқанын жариялады, деп хабарлайды Egemen.kz.

Иран әуе кеңістігін ішінара ашты

Фото © flickr.com

Мәліметтерге сүйенсек, 18 сәуір күні жергілікті уақыт бойынша таңғы сағат 07:00-ден бастап ел аспанының бір бөлігінде ұшуларға рұқсат берілген. Бұл шешім Ұлттық азаматтық-әскери үйлестіру комитетінде қауіпсіздік талаптары жан-жақты зерделенгеннен кейін қабылданған.

Ормұз бұғазы ашылды: Иран маңызды теңіз жолын қайта іске қосты

«Осыған сәйкес, сондай-ақ ұшу құрамына арналған хабарлама (NOTAM) негізінде елдің әуе кеңістігі мен бірқатар әуежайлар 18 сәуір күні таңғы сағат 07:00-ден бастап ашылды», делінген мәлімдемеде.

АҚШ-Иран: Уақытша мәміле бейбітшілікке бастаса игі

Сонымен қатар әуежайлардың жұмысы бірден емес, біртіндеп қалпына келетіні хабарланды. Бұл процесс әскери және азаматтық қызметтердің дайындығына қарай жүзеге аспақ.

Соңғы жаңалықтар