Қоғам • Бүгін, 16:17

Жемқорлықпен күрес: Алты жылда 1 000-нан астам шенеунік сотты болды

40 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Қазақстанда сыбайлас жемқорлыққа қатысты қылмыстық істердің саны кеми бастады. Бас прокуратура Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің мәліметінше, биылғы жылдың алғашқы үш айында 407 іс тіркелген. Ал 2025 жылы жалпы саны 976 жемқорлық ісі тіркеліп, бұл көрсеткіш алдыңғы кезеңдермен салыстырғанда 9,6 пайызға төмендеген, деп хабарлайды Egemen.kz.

Жемқорлықпен күрес: Алты жылда 1 000-нан астам шенеунік сотты болды

Ranking.kz дерегінше, қылмыстық істердің азаюымен қатар, жемқорлық жасады деп айыпталған шенеуніктердің де саны кеміп отыр. 2020-2025 жылдар аралығында барлығы 8,4 мыңға жуық адам жемқорлық қылмыстары бойынша күдікті деп танылды.

Жыл сайын орта есеппен 1,3-1,6 мың адам күдікті мәртебесін алады. 800-ден астам шенеунік сот үстеліне отырады.

Ақтөбе облысында шенеунік пен екі депутат 672 млн теңге жымқырған

Ерекше атап өтерлігі, 2020 жылы 1 мыңға жуық адамның ісі сотқа жолданса, 2025 жылы бұл көрсеткіш 758 адамға дейін азайған.

Сарапшылар 2020-2025 жылдар аралығында сотқа тартылған мемлекеттік қызметшілердің рейтингін жасады. Осы уақыт ішінде барлығы 5,1 мыңнан астам адам сотта айыпталушы мәртебесін алса, соның 3,2 мыңы тікелей мемлекеттік құрылым қызметкерлері.

Ұлытау облысында бәс тіккен шенеуніктер жұмысынан босатылды

Жемқорлық рейтингінің алғашқы үштігі:

  • Әкімдіктер және олардың құрылымдық бөлімшелері: 6 жыл ішінде 1 мыңнан астам шенеунік сотты болды. Соның ішінде 44 әкім пара алу, лауазымдық өкілеттігін асыра пайдалану немесе өзге де қылмыстар үшін айыпталды.
  • Ішкі істер органдары: 912 қызметкер жемқорлық қылмысы бойынша айыпталып, сотқа тартылды.
  • Қаржы министрлігі: Аталған ведомствоның 180 қызметкері жемқорлықпен ұсталып, жауапқа тартылған.
Соңғы жаңалықтар