«Таза Қазақстан» • Бүгін, 16:19

Көшпенділер қалашығында 500 түп ағаш егілді

20 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

«Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясы аясында Қонаев қаласындағы «Көшпенділер» қалашығы аумағында жалпы облыстық сенбілік өтті, деп хабарлайды Egemen.kz.

Көшпенділер қалашығында 500 түп ағаш егілді

Аталған тазалық жұмыстары мен тал егуге мемлекеттік мекемелер, жеке ұйымдар мен діни бірлестіктердің мүшелері, жастар, волонтерлік және үкіметтік емес ұйымдар, сондай-ақ эко белсенділер қатысты. Аталған ауқымды сенбілікте облыс әкімінің орынбасары Ғани Майлыбаев тазалық акциясының тағылымды шара екенін еске салды.

«Табиғаты таңғажайып Іле өзенінің жағасындағы «Көшпенділер» қалашығы алда көрнекті туристік нысанға айналмақ. Сондықтан бұла аумақта келушілерге жайлы орта жасау үшін мұнда экопарк салынбақ. Бұл қадам өңіріміздің туристік әлеуетіне тың серпін береді деп ойлаймын. Бүгін сол игі бастамаға үн қосу үшін жиналдық», деді Ғани Айдарұлы.

300-ге жуық адам қатысқан шарада «Көшпенділер» қалашығы маңына 500 түп ағаш егіліп, Іле өзенінің бойы тазаланды. Экологиялық акцияға қатысушылар табиғатты аялап, қоршаған ортаны таза ұстау – адам баласына жүктелген міндет екенін айтты.

Бейбітшілік және келісім саябағында ағаш егілді

Облыс әкімдігінің мәліметіне сүйенер болсақ, аймақ аумағындағы сенбілікке 32000-ға жуық адам қатысып, 225 техника жұмылдырылды. Сенбілік қорытындысы бойынша 264 тонна қоқыс шығарылып, 17800 түп ағаш отырғызылды. 

«Таза Қазақстан»: Орманшылар оқушылармен бірге ағаш екті

Соңғы жаңалықтар

Көшпенділер қалашығында 500 түп ағаш егілді

«Таза Қазақстан» • Бүгін, 16:19