Қазақстан • Бүгін, 11:42

Қазақстанда құрылыс компанияларына жаңа шектеулер енгізіледі

30 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Елімізде 1 шілдеден бастап жұмысын адал атқармайтын құрылыс салушылардың бірыңғай реестрін енгізу жоспарланып отыр. Тиісті бұйрық негізінде «қара тізімге» енген құрылыс компанияларының тұрғын үй нарығына енуіне шектеу қойылады, деп хабарлайды Egemen.kz.

Қазақстанда құрылыс компанияларына жаңа шектеулер енгізіледі

Фото: ашық дереккөз

Жаңа жүйе үлескерлердің құқықтарын қорғау және тұрғын үй нарығындағы тәуекелдерді азайту мақсатында әзірленген. Реестрді жергілікті атқарушы органдар электронды форматта жүргізеді. Ал ашық бөлігі Бірыңғай тұрғын үй құрылыс операторының интернет-ресурсында жарияланады.

Тізім төрт санаттан тұрады:

  • бірінші санат − рұқсатсыз қаражат тартатын компаниялар;
  • екінші санат − тәуекел белгілері бар құрылыс салушылар;
  • үшінші санат − сот шешімімен заңбұзушылықтары анықталған компаниялар;
  • төртінші санат − проблемалы тұрғын үй нысандары.

Үшінші санатқа енген компанияларға үлескерлер қаражатын тартуға тікелей тыйым салынады. Сондай-ақ банктер мен қаржы ұйымдары бұл деректерді шешім қабылдау кезінде ескеретін болады.

Қасым-Жомарт Тоқаев: Құрылыс компанияларының жауапкершілігін күшейту қажет

Сала мамандарының пікірінше, жаңа реестр құрылыс нарығын тазартуға, жауапкершілікті арттыруға және азаматтардың мүддесін қорғауға ықпал етеді. Қазіргі уақытта нормативтік құқықтық акт жобасы мемлекеттік органдармен келісу сатысында, ал қоғамдық талқылау 24 сәуірге дейін жалғасады.

Балабақша ғимаратын сапасыз салған: Құрылыс компанияларының жауапсыздығы тыйылар емес

Нұрболат АМАНБЕК

Соңғы жаңалықтар