Фото: istockphoto.com
23 сәуірде еліміздің оңтүстігі мен оңтүстік-шығысында қатты жаңбыр жауып, күндіз найзағай ойнайды деп күтіледі. Сондай-ақ, кейбір аудандарда бұршақ жаууы мүмкін. Республика бойынша жел күшейіп, түнде және таңертең тұман түседі.
Синоптиктер күндізгі ауа температурасының төмендейтінін де ескертті:
- Батыста – +7...+17 градус;
- Солтүстікте – +13...+20 градус;
- Орталықта – +15...+23 градус;
- Оңтүстікте және оңтүстік-шығыста +15...+20 градус жылы болады.