Ғылым • Бүгін, 14:42

Отандық ғалымдар құрғақшылыққа төзімді дақылдарды ойлап тапты

40 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Отандық ғалымдар құрғақ аймақтарға бейімделген жаңа ауыл шаруашылығы дақылдарын әзірлеп шығарды. Жаңа дақыл сорттары Солтүстік Қазақстан және Солтүстік-Шығыс Қазақстан өңірлеріндегі тәуекелі жоғары егіншілік аймақтарына бағытталған, деп хабарлайды Egemen.kz.

Отандық ғалымдар құрғақшылыққа төзімді дақылдарды ойлап тапты

Сурет ЖИ көмегімен жасалған

А.И. Бараев атындағы астық шаруашылығы ғылыми-өндірістік орталығының ғалымдары әзірлеген сорттар қатарында: «Дамсинский» атты қауызсыз сұлы, «Торғай» жаздық қатты бидайы, «Изумрудное» малазықтық тарысы  және «Реноме» азықтық тарысы бар. Олар құрғақшылыққа төзімділігімен, жатып қалуға қарсы тұрақтылығымен және тұрақты өнімділігімен ерекшеленеді.

Алматыда отандық ғалымдардың әзірлемелері негізінде жаңа зауыт іске қосылды

Мамандардың мәліметінше, жаңа сорттарды енгізу жағдайына қарай гектарынан 2-10 центнерге дейін қосымша өнім алуға мүмкіндік береді. Сонымен қатар зығыр дақылын өсірудің жаңа тәсілі патенттелді. Ол арамшөптермен күресті жеңілдетіп, өнімділікті арттыруға және шығындарды азайтуға бағытталған.

Отандық ғалымдар дезинформацияға қарсы мобильді ресурс жасады

Жаңа дақылдар климаттық тәуекелдерді азайтып, ауыл шаруашылығының экономикалық тиімділігін арттыруға ықпал етеді деп күтіледі.

Нұрболат АМАНБЕК

Соңғы жаңалықтар