Аймақтар • Бүгін, 19:33

Кітап оқуға құштарлық: Қостанайдағы кітапханашылар әулетінің өнегесі

30 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Қостанай облысының Қарасу ауданында кітапқа деген сүйіспеншілікті өмірлік мұратқа айналдырған әулет бар. Бұл отбасы бірнеше буын бойы оқу мәдениетін насихаттап, ағартушылық жолды үздіксіз жалғастырып келеді, депи жазады Egemen.kz.

Кітап оқуға құштарлық: Қостанайдағы кітапханашылар әулетінің өнегесі

Фото: Оқу-ағарту министрлігі

Аталған дәстүрдің негізін қалаған – Зоя Яковлевна Михалина. Ол туған ауылында 30 жылдан астам уақыт кітапханашы болып еңбек етіп, кітап қорын сақтаумен қатар, мәдениет пен руханияттың дамуына зор үлес қосты. Замандастары оны сөз өнерінің жанашыры, оқырман тәрбиесіне жан-тәнімен берілген маман ретінде біледі.

Бұл игі жолды оның қызы Галина Васильевна Нагорных жалғастырды. Ол да 40 жылдан астам уақытын кітапхана ісіне арнап, оқырманмен жұмыс істеудің үздік үлгісін көрсетті. Осылайша, әулет ішінде қалыптасқан дәстүр үзілмей, жаңа буынға жетті.

Қазақстанда кітап апталығы басталды: 1 500-ден астам іс-шара өтеді

Оқу-ағарту министрлігінің мәліметінше, бүгінде бұл сабақтастықты Октябрь мектебінің бастауыш сынып мұғалімі Елена Александровна Щекотова жалғастырып отыр. Педагог ерекше білім беруді қажет ететін балалармен жұмыс істеп, олардың кітапқа қызығушылығын арттыруға күш салады. Ол бала кезінен кітапханашылар ортасында өсіп, көп оқыған. 11 жасынан бастап өлең жазуға ден қойғаны – оның шығармашылыққа жақындығын айғақтайды.

Отбасылық дәстүр жас буын арасында да өз жалғасын тауып отыр. Мұғалімнің қызы Софья кітапхананың белсенді оқырманы ғана емес, ғылыми ізденіске де бейім. Ол «Жасанды интеллект көзімен әдеби шығармашылық. Алгоритмнен ғажайып тууы мүмкін бе?» атты ғылыми-тәжірибелік конференцияда жеңімпаз атанған. 

Осылайша, Қарасу өңіріндегі бұл әулет кітап оқу мәдениетін ұлықтап, рухани құндылықтарды ұрпақ санасына сіңірудің жарқын үлгісін көрсетіп отыр.

Астанада халықаралық кітап жәрмеңкесі өтеді

Соңғы жаңалықтар