Фото: 24.kz
Ливан Сыртқы істер министрлігінің мәліметіне сәйкес, зардап шеккендердің арасында әйелдер мен балалар бар. Шабуылдар бірнеше ауданда тіркеліп, нысанаға көлік құралдары алынған.
Ал Израиль қорғаныс армиясы (ЦАХАЛ) мәлімдемесінде әуе соққылары «Хезболла» қарулы тобының инфрақұрылымы мен қару-жарақ қоймаларына бағытталғаны айтылған.
Аймақтағы жағдай сәуір айының ортасында енгізілген атысты тоқтату режимінің бұзылуы шеңберінде ушығып отыр. Бұған дейін АҚШ президенті Дональд Трамп бітім мерзімі тағы үш аптаға ұзартылғанын мәлімдеген еді. Соған қарамастан, шекара маңындағы аумақтарда шиеленіс сақталып, тараптар бір-біріне соққы жасауды жалғастырып келеді.