Оқиға • Бүгін, 22:19

Белгілі дәрігер Бақыт Түменова өмірден өтті

10 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

78 жасында қоғам белсендісі, дәрігер және «Аман-саулық» қоғамдық қорының президенті Бақыт Түменова қайтыс болды. Бұл туралы Мәжіліс депутаты Ермұрат Бәпи әлеуметтік желіде хабарлады, деп жазады Egemen.kz.

Белгілі дәрігер Бақыт Түменова өмірден өтті

фото: Ермұрат Бәпидің ФБ парақшасынан

Оның айтуынша, Бақыт Түменова өз ұстанымына берік, принципшіл әрі қайсар тұлға болған.

Марқұм ұзақ жылдар бойы денсаулық сақтау саласында еңбек етіп, әлеуметтік саясат мәселелерімен айналысты. 2007 жылдан бастап «Аман-саулық» қорын басқарып, азаматтар мен пациенттердің құқықтарын қорғауға үлес қосты.

Алматыда Ұлы Отан соғысының ардагері 102 жасында өмірден өтті

Бақыт Түменова 1948 жылы Қызылорда қаласында дүниеге келген. Ол Семей мемлекеттік медицина институтын «педиатрия» мамандығы бойынша тәмамдаған. Еңбек жолын дәрігер болып бастап, кейін басшылық қызметтерге дейін көтерілді.

Ол түрлі жылдары әкімдік пен қоғамдық кеңестерде қызмет атқарып, әлеуметтік саладағы маңызды мәселелермен айналысты.

Соңғы жаңалықтар

Алпамыстың ұрпағы әлжуаз...

Пікір • Бүгін, 11:25