Оқиға • Бүгін, 15:01

Ақмола облысында бірінші сынып оқушысының бетін ит тістеп алған

50 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Ақмола облысы Макинск қаласында 7 жастағы бала итті сипамақ болған сәтте төбет балаға тап беріп, бетінен тістеп алған, деп жазады Egemen.kz.

Ақмола облысында бірінші сынып оқушысының бетін ит тістеп алған

Баланы иттің шабуылынан сол сәтте мектептен қайтып келе жатқан ағасы арашалап алған. 

Содан кейін зардап шеккен бала ауруханаға жеткізілген. Дәрігерлер оның мұрын, ерін және маңдай тұсындағы жарақаттарын емдеп, құтырмаға қарсы профилактикалық шара жүргізген. Қазір бала ем қабылдап жатыр, мамандар бірінші сынып оқушысының қатты қорқып қалғанын да атап өтті.

Ауыл тұрғындары осы ауланың өзінде бұған дейін басқа бір ит ағасын да қапқанын жеткізген.

Айта кетейік, бүгін Сенат резонанс тудырған жануарларға қатысты заңды Мәжіліске қайтарды.

Соңғы жаңалықтар