Президент • Бүгін, 12:45

Тәуелсіздік сарайында Режеп Тайип Ердоғанды салтанатты қарсы алу рәсімі өтті

80 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Тәуелсіздік сарайында Қазақстанға мемлекеттік сапармен келген Түркия Республикасының Президенті Режеп Тайип Ердоғанды салтанатты қарсы алу рәсімі өтті, деп хабарлайды Egemen.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Тәуелсіздік сарайында Режеп Тайип Ердоғанды салтанатты қарсы алу рәсімі өтті

Фото: Ақорда

Қасым-Жомарт Тоқаев Түркия көшбасшысын өзі күтіп алды.

1

Мәртебелі мейманның құрметіне Қазақстан Республикасы Әуе қорғанысы күштерінің истребителдері Түркия туын бейнелейтін қызыл және ақ түсті жолақтардан із тастап ұшты.

2

Содан кейін Қасым-Жомарт Тоқаев пен Режеп Тайип Ердоған бір біріне ресми делегация мүшелерін таныстырды.

Құрмет қарауылының бастығы рапорт беріп, екі елдің мемлекеттік әнұрандары шырқалды.

Еске сала кетейік, кеше Түркия Республикасының Президенті Режеп Тайип Ердоған Қазақстанға мемлекеттік сапармен келді. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев әлеуметтік желідегі парақшасында Режеп Тайип Ердоғанмен бірге түскен фотосын жариялады.

Соңғы жаңалықтар