Фото: jobyaviation/instagram
Қала әкімдігінің мәліметінше, сынақтар Қазақстан мен Орталық Азиядағы алғашқы демонстрациялық ұшуға дайындық аясында жүргізіліп жатыр.
Ведомство мұндай ауқымды шара кезең-кезеңімен дайындықты, технологияларды сынақтан өткізуді және барлық қауіпсіздік жүйесін тексеруді талап ететінін атап өтті.
Сондай-ақ әкімдік барлық ұшулар уәкілетті органдармен келісілгенін және қауіпсіздік талаптарын сақтай отырып жүргізіліп жатқанын хабарлады.
Еске сала кетейік, былтыр Президент Алатау қаласын заманауи цифрлы орталыққа айналдыру жөнінде бастама көтерген болатын. Жуырда Мемлекет басшысы қаланың құқықтық мәртебесін айқындайтын заң жобасына қол қойды.