Фото: Ашық дереккөз
Премьер-министр Олжас Бектенов жазғы маусым кезеңінде қауіпсіздік шараларын күшейту қажеттігін баса айтты.
«Төтенше жағдайлар министрлігі әкімдіктермен бірге 1 маусымға дейін су айдындарын, жағажайларды, бассейндерді және туристік аймақтарды тексеріп шықсын.Құтқару жабдықтарының болуын қамтамасыз етіп, персоналды алғашқы көмек көрсету және құтқару дағдыларына оқытуды ұйымдастырсын», деді Олжас Бектенов.