Фото: istockphoto.com
Астанада жауын-шашынсыз, құбылмалы бұлтты ауа райы болады. Күндіз ауа температурасы +26…+28°C-қа дейін көтеріледі.
Алматыда жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, күндіз +27…+29°C жылы болады.
Шымкентте аптап ыстық сақталып, температура +30…+32°C-қа жетеді.
Ақтау, Атырау, Ақтөбе, Павлодар, Петропавл және Өскемен қалаларында жаңбыр мен найзағай болжанған. Кей өңірлерде желдің екпіні секундына 20-23 метрге дейін күшеюі мүмкін.
Қазақстанның бірнеше өңірінде ауа райына байланысты ескерту жарияланды
Қарағанды, Қостанай, Көкшетау, Семей, Талдықорған қалаларында да құбылмалы ауа райы сақталып, кей жерлерде өткінші жаңбыр жауады. Маңғыстау, Жамбыл және Ұлытау облыстарында күн ыстық әрі құрғақ болады.
Қызылорда мен Түркістанда күн ысиды. Күндіз ауа температурасы +32…+34°C-қа дейін жетеді. Ал Оралда салыстырмалы түрде салқындау болып, күндіз +18…+20°C шамасында сақталады.
Мамандар тұрғындарға ауа райының күрт өзгеруіне байланысты сақ болуға кеңес берді.