Фото: istockphoto.com
Kurs.kz деректеріне сәйкес, Астанадағы айырбастау орындарында долларды сатып алу бағамы орта есеппен 479,06 теңге болса, сату бағасы 485,94 теңгеге жеткен.
Еуро 556,01-568,86 теңге аралығында саудаланып жатыр. Ал рубльдің бағамы 6,45-6,75 теңге деңгейінде сақталып отыр.
Алматы қаласындағы айырбастау орындарында доллар 479,71 теңгеден сатып алынып, 483,59 теңгеден сатылып жатыр. Еуроның бағамы 560,26-566,94 теңге аралығында болса, Ресей рублі 6,52-6,67 теңге шамасында саудаланып жатыр.
Қазақстан Ұлттық банкінің мәліметінше, бүгінгі ресми бағам бойынша 1 доллар – 485,55 теңге, 1 еуро – 563,38 теңге, ал 1 рубль – 6,81 теңгені құрайды.
Айта кетейік, 28 мамыр күнгі күндізгі сауда қорытындысы бойынша доллардың орташа бағамы 7,54 теңгеге өсіп, 485,55 теңгені құрады.