Спорт • Бүгін, 10:11

Norway Chess Women-2026: Бибісара Асаубаева әлем чемпионын жеңді

1 мин
оқу үшін

Бибісара Асаубаева Норвегияда өтіп жатқан әйелдер арасындағы Norway Chess Women-2026 турнирінің төртінші турында сәтті өнер көрсетті, деп хабарлайды Egemen.kz.

Norway Chess Women-2026: Бибісара Асаубаева әлем чемпионын жеңді

Бибісара Асаубаева төртінші турда әлемнің қазіргі чемпионы, қытайлық Цзюй Вэньцзюньмен кездесті. Негізгі партия тең нәтижемен аяқталғаннан кейін шахматшылар армагеддон форматында бақ сынады.

Қазақстан шахматшысы қосымша партияда ақ тастармен ойнап, 6 минут 23 секунд ішінде жеңіске жетті. Осылайша Бибісара Асаубаева 1,5 ұпай еншілеп, жалпы есептегі ұпай санын 7-ге жеткізді және турнир кестесіндегі бірінші орнын сақтап қалды.

Бибісара Асаубаева көш басына шықты

Төрт турдың қорытындысы бойынша Бибісараның ең жақын қарсыласы – үндістандық шахматшы Дивья Дешмух. Оның еншісінде 5,5 ұпай бар. Ал одан кейінгі орындарда украиналық Анна Музычук пен қытайлық Чжу Цзиньэр келе жатыр. Екеуінде де 5 ұпайдан.

Бибісара Асаубаева «Үміткерлер турнирінде» үздік үштікке енді

Айта кетейік, Бибісара Асаубаева алғашқы турда үндістандық гроссмейстер Хампи Конеруді жеңген болатын. 

Соңғы жаңалықтар