Фото: istockphoto.com
Ауыр халде ауруханаға жеткізілген лейтенант дәрігерлердің жасаған емдік шараларына қарамастан, есін жимастан реанимация бөлімінде қайтыс болды.
Болжам бойынша арнайы жасақ инспекторы «SIG Sauer» маркалы қызметтік қаруынан өзіне оқ атқан. Оқиға орнына шұғыл жеткен жедел жәрдем қызметкерлері зардап шегушіні бірден орталық аудандық ауруханаға жеткізгенімен, оның өмірін сақтап қалу мүмкін болмады.
Қазіргі уақытта тәртіп сақшысының мұндай әрекетке баруына не себеп болғаны анықталып жатыр. Аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалып, тергеу басталды.
Еске сала кетейік, былтыр Жамбыл облысында өз-өзіне қол жұмсаған 34 жастағы полиция қызметкерінің мәйіті жалға алған пәтерінен табылған болатын.