Әлем • Бүгін, 13:26

Үндістанда салынып жатқан көпір құлады: 6 адам қаза тапты

1 мин
оқу үшін

Үндістанның Уттар-Прадеш штатында салынып жатқан көпір опырылып түсті, деп хабарлайды Egemen.kz.

Үндістанда салынып жатқан көпір құлады: 6 адам қаза тапты

Фото: Al Jazeera

Үйінді астында құрылыс жұмысшылары қалып қойған. Алдын ала мәлімет бойынша, кемінде 6 адам қаза тапқан.

Көпірдің құлауына нөсер жауын себеп болғаны айтылды. Оқиға өңірде жүзден астам адамның өмірін қиған жойқын дауылдардан бірнеше күн өткен соң тіркелді.

Астанада балалар мінген аттракцион құлады: Саябақ басшылығы оқиғаның себебін түсіндірді

Соңғы жаңалықтар