Екі елдің өкілдері жыл сайын мамыр, маусым және шілде айларында шекаралас аумақтарға бірлескен тексеріс жүргізеді. Бұл екі елдің биологиялық және фитосанитарлық қауіпсіздігін қамтамасыз ете отырып, шегірткелердің миграциясының алдын алады. Сондай-ақ карантиндік зиянкестер бойынша да деректер алмасып, жұмыс жүргізіледі. Бұл процесс қазір толық автоматтандырылып, цифрландырылған.
Қасым-Жомарт Тоқаев пен Владимир Путин Бірлескен мәлімдеме қабылдады
Ресей ауыл шаруашылығы саласында Қазақстанның ең ірі сауда серіктестерінің бірі болып қала береді. АӨК саласындағы жалпы сауданың шамамен үштен бірі осы елдің үлесіне тиесілі. Өткен жылдың 9 айында тауар айналымы 2 миллиард 800 миллион доллар болды.
«Бұл тоқтап қалмайтын үдеріс. Себебі Ресей жағында да, Қазақстан жағында да кейбір зиянды организмдер кездеседі. Сондықтан біз бір-бірімізді белгілі бір өнімнің немесе карантиндік объектінің таралуы туралы уақытында хабардар етіп отыруымыз керек, онымен тиімді күресуге мүмкіндік береді. Бұл жұмыс тұрақты жүргізіліп келеді. Біз үнемі байланыстамыз, дәл 28 мамыр күні биологиялық қауіпсіздік жөніндегі әріптестеріміз Мәскеуге барып, карантиндік объектілерге қарсы бірлескен жұмыс мәселелерін талқылайды», деді АШМ Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитеті төрағасының орынбасары Мұрат Іргебаев.
Қазақстан мен Ресей тауар айналымын 30 млрд долларға ұлғайтады