Байқау • Бүгін, 09:15

Арулар сайысы

2 мин
оқу үшін

Ұлытау облысы, Жаңаарқа аудандық мәдени-сауық орталығында Ақмарал Әлтаева атындағы I республикалық «Арқа аруы – 2026» сұлулық байқауы өтті. Ел Тәуелсіздігінің 35 жылдығына орайластырылған байқауда ұлттық құндылықтар дәріптеліп, қазақ қызының өнері мен өнегесі, мәдениеті мен сұлулығы әйгіленді.

Арулар сайысы

Еліміздің түкпір-түк­пірінен келген арулар шы­ғар­ма­шылық қабілетін, сахна мәдениетін және ұлттық өнерге деген қызығушылығын көрсетті. Байқаудың құрметті қонақтары мен қазылар алқасының құрамында Қазақ­станның еңбек сіңірген қайраткерлері Қанат Айт­баев пен Света Айтбаева, тележүргізуші Динара Сәт­жан, ақын Қалқаман Сарин, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Сержан Мұсайын, кәсіпкер Меруерт Ыбышева болды.

Қазақстанның Еңбек Ері, Халық әртісі Қайрат Байбосынов, Қазақстанның Халық әртісі Меруерт Өтекешева, Парламент Мәжілісінің депутаттары Аманжол Әлтай, Қазыбек Әлішев, басқа да құрметті қонақтар қатысты.

Тағылымы мол шарада халықтың ыстық сүйіс­пеншілігіне бөленген Ха­лық әртісі Меруерт Өте­ке­шованы Жаңаарқа жұрт­­шылығы айрықша құр­метпен қарсы алды. Ұлттық дәстүрді ұстанған Арқа жұрт­шылғы ардақты өнер иесіне ақ боз ат мінгізіп, сый-құрмет көрсетті. Бұл көрініс көпшіліктің көңі­лінен шығып, байқаудың маз­мұнын тереңдете түскен әсер­лі сәттің біріне айналды.

Байқау қорытындысы бо­йынша бас жүлдені Астана қаласының аруы Толғанай Наурызбай жеңіп алып,
1 500 000 теңгенің сертификаты табыс етілді. І орынды Қызылорда облысының аруы Бағдат Бақыт (1000 000 теңге), ІІ орынды Атырау облысының аруы Индира Мұқтар (500 000 теңге), ал ІІІ орынды Ақмола облысының аруы Айғаным Шақмұрай (35 0000 теңге) иеленді. Сонымен қатар «Көрермен көзайымы» аталымы мен барлық қа­тысу­шы­ларға ынталандыру сыйлығы тарту етілді.

Байқаудың жоғары дең­гей­де өтуі­не қолдау біл­діріп, жеңімпаздар мен қатысу­­шы­ларды марапаттау қорын қа­лыптастыруға үлес қос­қан аза­мат­­тар­ға ұйым­дас­тыру­шылар ерекше алғыс білдірді.

Ұлттық құндылықты ұлық­тап, қа­зақ қызының парасаты мен көркем бол­мы­сын дәріптеген тағы­лымды жоба­­ның авторы әрі продюсері Ләззат Нұр­ланқызы.

Ұлытау облысы

Соңғы жаңалықтар

Сын-қатерлерді еңсеру кезеңі

Саясат • Бүгін, 10:43

Білім гранты берілді

Білім • Бүгін, 10:40

Ai-Sana: идеядан – инновацияға

Білім • Бүгін, 10:36

Қадірсіз қасиет

Пікір • Бүгін, 10:25