Фото: Бейнежазбадан
Бүгінгі сот отырысында айыпталушыға қатысты жаңа видео дәлел көрсетілді. Кадрларда Сұлтан Сәрсемәлиевтің ломбардқа алтын бұйымдарды өткізіп жатқан сәті бейнеленген.
Іс материалдарына сәйкес, Сұлтан Сәрсемәлиев әйелінің ата-анасы мен туыстарына қатысты ауыр қылмыс жасады деп айыпталып отыр. Тергеу нұсқасы бойынша, қайғылы оқиға отбасылық жанжалдан кейін болған.
Сәрсемалиев ісі: Прокурор қылмыстың қалай жасалғанын айтып берді
Бұған дейін сот барысында айыпталушы кейбір эпизодтар бойынша кінәсін ішінара мойындағанымен, айыптаудың бірқатар тармақтарымен келіспейтінін жеткізді.
Сондай-ақ, бүгінгі сот отырысында Қарабалиндер отбасының малын баққан тұрғын куәлік берді.