Әлем • Кеше

Қырғызстанда жынысын ауыстырған азаматтардың құжаттары өзгертілмейді

1 мин
оқу үшін

Қырғызстанда құжаттардағы жынысты өзгертуге, сондай-ақ жынысты ауыстыру операциялары мен гормондық терапияға тыйым салу ұсынылып отыр, деп хабарлайды Egemen.kz

Қырғызстанда жынысын ауыстырған азаматтардың құжаттары өзгертілмейді

Фото: istockphoto.com

Тиісті заң жобасының бастамашыларының бірі Болот Сағынбаевтың айтуынша, азамат жынысын ауыстыру операциясын шетелде жасатқан күннің өзінде, оның құжаттарында туған кездегі биологиялық жынысы өзгеріссіз қалады. Бұл туралы Sputnik_Kyrgyzstan хабарлады.

Қырғызстан Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметінше, елде осы уақытқа дейін жынысты ауыстыру бойынша бірде-бір операция ресми түрде тіркелмеген.

Естеріңізге сала кетейік, былтыр Еділ Жаңбыршин, Магеррам Магеррамов бастаған бірқатар мәжіліс депутаттар елімізде жыныс ауыстыруды заңмен тыйым салуға қатысты Парламентте мәселе көтерген болатын.

Соңғы жаңалықтар