Қоғам • Кеше

Астанада жасөспірімді қағып кеткен жүргізуші табылды

1 мин
оқу үшін

Астанада жүргізуші жаяу жүргіншілер өткелінде жасөспірімді қағып кетіп, оқиға орнынан кетіп қалған, деп хабарлайды Egemen.kz

Астанада жасөспірімді қағып кеткен жүргізуші табылды

 

Болған оқиғаның видеосы әлеуметтік желілерде тарады. Кадрда Сығанақ даңғылы мен Төле би көшесінің қиылысында Toyota RAV4 көлігі велосипедпен келе жатқан жасөспірімді қағып кеткені көрінеді. Соққыдан бала құлап, аяғындағы аяқ киімі ұшып кеткен. Алайда оның ауыр жарақат алмағаны байқалады. Себебі ол өздігінен орнынан тұрған. Осыдан кейін жүргізуші көліктен шықпастан жолын жалғастырып кете барды. 

Шығыс Қазақстанда велосипедшілер тобын көлік қағып кетті

Астана қалалық Полиция департаменті жол-көлік оқиғасына кінәлі жүргізушінің анықталғанын хабарлады.

«Toyota RAV4 автокөлігінің жүргізушісі анықталды. Реттелетін жаяу жүргіншілер өткелінен өту кезінде ол бағдаршамның рұқсат етілген белгісімен жолдан өтіп бара жатқан жаяу жүргіншіні қағып кеткен», делінген хабарламада.

Аталған жол-көлік оқиғасы бойынша тексеру жүргізіліп жатыр. Оның нәтижесі бойынша тиісті шаралар қабылданады. Көлік коммуналдық айып тұрағына қойылды.

Соңғы жаңалықтар