Қоғам • Кеше

Алматы қаласында жер сілкінісі сезілді

1 мин
оқу үшін

4 маусым сағат 21:22-де Алматы қаласында жер сілкінісі болды. ТЖМ сейсмологиялық бақылау және зерттеу Ұлттық ғылыми орталығының сейсмикалық станцияларының желісіндегі ақпарат өңделіп, эпицентр туралы мәлімет нақтыланып жатыр, деп хабарлайды Egemen.kz

Алматы қаласында жер сілкінісі сезілді

Өзара іс-қимыл алгоритміне сәйкес тиісті мемлекеттік органдарға хабарланды, полиция департаментінің жедел кезекшісіне ақпарат жеткізілді. Ақпарат толықтырылады делінген ТЖМ мәліметінде. 

Жер сілкінісі кезіндегі 10 қарапайым қадам

1. Жер дүмпуі кезінде үрейленбеңіз;
2. Жер сілкіну кезінде лифт және баспалдақпен қолданбаңыз;
3. Жиhаздан, терезеден, ары тұрыңыз;
4. Жасырынатын жерді табыңыз - жоғарғы қабаттарда негізгі іргелі қабырғалардың бұрышында орын алып жасырыңыз;
5. Ғимараттан шығыңыз (төменгі қабаттарда);
- көп қабатты үйлерде жер сілкініс аяқталған соң ғимараттан шығыңыз;
6. Кетер алдында суды, газды, электр қуатын мүмкіндігіңізше өшіріңіз;
7. Дабыл жол сандығын алыңыз (алдын ала дайындау қажет);
8. Электр желілерден , ғимарат, ағаштардан аулақ болыңыз;
9. Жер сілкінуіне дайын болыңыз;
10. Қарт адамдарға, балаларға, мүмкіндігі шектеулі адамдарға көмек көрсетіңіз.

Соңғы жаңалықтар