Ауа райы • Бүгін, 08:02

Елімізде 34 градусқа дейін ыстық болады

1 мин
оқу үшін

Елімізде 5 маусым күні жылы ауа райы сақталады. Алайда елдің батыс және солтүстік өңірлерінде жаңбыр жауып, найзағай ойнауы мүмкін, деп хабарлайды Egemen.kz.

Елімізде 34 градусқа дейін ыстық болады

Фото: istockphoto.com

Синоптиктердің мәліметінше, Астанада жауын-шашын болмайды. Күндіз ауа температурасы +27…+29 градусқа дейін көтеріледі. Желдің екпіні секундына 20 метрге дейін жетуі ықтимал.

Алматыда күн бұлтты болып, жаңбыр мен найзағай күтіледі. Ауа температурасы +27…+29 градус шамасында болады.

Шымкентте жауын-шашынсыз ыстық ауа райы сақталады. Күндіз ауа температурасы +31…+33 градусқа дейін көтеріліп, желдің екпіні 15-20 метрге дейін күшеюі мүмкін.

Ең жоғары температура Түркістан, Семей және Талдықорған өңірлерінде тіркеледі. Бұл аймақтарда күндіз ауа температурасы +32…+34 градусқа дейін жетеді.

Қызылордада күн ашық болып, ауа температурасы +29…+31 градус аралығында сақталады. Қарағанды мен Жезқазғанда да жауын-шашын күтілмейді, күндіз +25…+29 градус жылы болады.

Батыс өңірлерде ауа райы салыстырмалы түрде салқындау. Ақтөбеде жаңбыр мен найзағай болжанып, ауа температурасы +20…+22 градус болады. Оралда +24…+26 градус, Атырауда +26…+28 градус жылы болады. Ақтауда күн ашық, ауа температурасы +22…+24 градус шамасында сақталады.

Солтүстік Қазақстанда тұрақсыз ауа райы жалғасады. Қостанай, Көкшетау және Петропавл қалаларында жаңбыр мен найзағай күтіледі. Петропавлда желдің екпіні секундына 25 метрге дейін жетуі мүмкін.

Мамандар найзағай мен қатты жел болжанған өңірлердің тұрғындарын қауіпсіздік шараларын сақтауға шақырады.

Соңғы жаңалықтар

Оқуға баулу – өмірге баулу

Білім • Бүгін, 09:57

Смартфон синдромы

Қоғам • Бүгін, 09:55

«Ақылды» өндіріс алаңы

Экономика • Бүгін, 09:35