Оқиға • Бүгін, 12:00

Беларусь билігі заң бұзған Қазақстан азаматын елден шығармайтын болды

1 мин
оқу үшін

Беларусь астанасы Минскіде қоғамдық резонанс тудырған Қазақстан азаматы елден шығарылмайтын болды. Бұл туралы Беларусь Ішкі істер министрлігі хабарлады, деп хабарлайды Egemen.kz.

Беларусь билігі заң бұзған Қазақстан азаматын елден шығармайтын болды

Фото: Бейнежазбадан

VIP-нөмірлі Гелендваген көлігін тікелей тротуарға қойған 32 жастағы әйелге қатысты тәртіптік шаралар қолданылғанымен, оған Минскіде қалуға соңғы мүмкіндік берілді.

Бұған дейін ол люкс санатындағы көлікпен бірнеше рет жол ережесін бұзған. Атап айтқанда, жүргізуші көлігін мүгедектерге арналған орынға қойып, баласын арнайы қауіпсіздік орындығынсыз тасымалдаған.

Полиция қызметкерлері оған айыппұл салып, елден шығармақ болған. Алайда әйелдің төрт кәмелетке толмаған баласы бар екенін ескере отырып, оған соңғы мүмкіндік беру туралы шешім қабылданған.

«Ішкі істер министрлігі біздің қонақтар үшін әкімшілік құқық бұзушылықтарды бірнеше рет қайталау елден шығару шарасына әкелуі мүмкін екенін еске салады. Алайда әйелдің қарауында төрт кәмелетке толмаған баласы бар екенін ескере отырып, министрлік оған соңғы мүмкіндік беру туралы шешім қабылдады», делінген хабарламада.

Ақтоғайда теміржол нысандарының бірінде шетелдіктер заңсыз жұмыс істеген

Еске сала кетейік, бұған дейін Астанада дрифт жасаған шетелдік азамат ұсталған болатын. 

Соңғы жаңалықтар

LRT атауы өзгереді

Оқиға • Бүгін, 12:29