Фото: istockphoto.com
Елордада күн бұлтты болып, жаңбыр мен найзағай күтіледі. Ауа температурасы күндіз +26…+28 градус шамасында болады.
Алматыда да жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Күндіз ауа температурасы +25…+27 градусқа дейін көтеріледі.
Ең ыстық ауа райы Түркістан, Шымкент пен Атырау қалаларында сақталады. Бұл өңірлерде күндізгі температура +34…+35 градусқа дейін жетеді. Сонымен қатар Тараз бен Қызылордада да аптап ыстық болады.
Ақтау, Орал, Тараз және Түркістан қалаларында жауын-шашынсыз ауа райы болжанып отыр. Қалған өңірлердің басым бөлігінде жаңбыр мен найзағай күтіледі.
Синоптиктер тұрғындарға ауа райының қолайсыз жағдайларына байланысты сақтық шараларын ұстануға кеңес береді.
Еске сала кетейік, бұған дейін синоптиктер 9-11 маусым күндері елдің солтүстік-батысы мен солтүстігінде, ал 11 маусымда оңтүстік-шығысында жаңбыр жауатынын хабарлаған болатын.